Сирия Иорданиямен шекарадағы басты өткізу бекетін жапты.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, шешім Сирияның оңтүстігіндегі аудандарына жасалған әуе соққыларынан кейін қабылданған. Кеше Иорданияның Қарулы күштері Сирияның оңтүстігіндегі лаңкестік топтардың жасырынған орындарына қарсы операция жүргізгенін мәлімдеді. Салдарынан 7 адам қаза болды. Зардап шеккендер бар. Ресми Амман операция 23 қазанда Әл-Карак провинциясындағы шіркеуге жасалған шабуылға байланысты жүзеге асырылғанын айтады. Алайда Дамаск Иорданияның бұл әрекеті Сирия билігімен келісілмегенін жеткізді.
Тегтер #Сирия #Иордания #шекара #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz