Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ливияның әуе кеңістігіне қатысты шектеулерді алып тастады.
Шектеу 10 жыл бұрын енгізілген еді. Бұл туралы елдің Көлік министрлігі хабарлады. Шешімді Ливияның халықаралық әуе қатынасындағы орнын қалпына келтіруге бағытталған маңызды қадам деп бағалады. Енді министрлік шетелдік әуе компанияларын тарту және тікелей әуе рейстерін қайта жандандыру мақсатында ақпараттық науқан өткізуді жоспарлап отыр. Ливияның әуе кеңістігіне қатысты ескертулер 2011 жылы Муаммар Каддафи биліктен кеткеннен кейін елде басталған қарулы қақтығыстар мен саяси тұрақсыздыққа байланысты енгізілген еді.
Тегтер #ИКАО #Ливия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz