RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауында әскерін күшейтті

27.10.2026, 23:05 41

Салдарынан Хеврон қаласында 4 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап, безіп кетті. Бұл туралы Палестинаның WAFA агенттігі хабарлады. Қазір шаһарда рейд жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.


Оған 23 қазанда палестиналық қарулы топтың бақылау-өткізу бекетіне жасаған шабуылы себеп. Қақтығыстан екі израильдік сарбаз қаза тауып, тағы бесеуі жараланған еді. Осы оқиғадан кейін Израиль қалаға кіретін және шығатын жолдарға бақылау бекеттерін орнатты. Әскерилер палестиналықтардың тұрғын үйлері мен коммерциялық нысандарын бұзып жатыр. Кейбіреуін казарма мен бақылау пункттеріне айналдырған. Кейінгі ақпарат бойынша, кемінде 85 палестиналық ұсталды. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац әскер қаладағы ХАМАС қозғалысының инфрақұрылымын түгел жоймайынша, тұрғындардың қайтып оралуына рұқсат берілмейтінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz