RU
Толық нұсқаға өту

Үндістан билігі «Арнаб» дауылына дайындықты күшейтті

27.10.2026, 23:55 38

Табиғи апат қаупіне байланысты 400 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау жоспарланған. Қазірдің өзінде 50 мыңға жуығы арнайы эвакуациялық орталықтарға орналастырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Болжам бойынша Бенгал шығанағындағы циклон салдарынан елдің оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатында дүлей жел соғып, нөсер құяды. Қолайсыз күн райы көрші Одиша штатына да әсер етіп жатыр. Жергілікті билік тұрғындар мен туристерді таулы аймақтарға бармауға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz