RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Израильді геноцид жасады деп айыптады

28.10.2026, 07:15 45

Израиль әскері Газа секторының 60 пайыздан астам аумағын басып алған. Бұдан бөлек, аймақтағы ғимараттар мен инфрақұрылымның басым бөлігі қирады.

Екі миллионнан астам палестиналық баспанасыз қалып, уақытша лагерьлерді паналап отыр. Оларға көрсетілетін гуманитарлық көмектің көлемі өте аз. БҰҰ комиссиясы: «Израильді Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында геноцид жасады» деп айыптады. 

Есепте Израиль әскері бейбіт тұрғындарға әдейі шабуыл жасағаны, сондай-ақ палестиналықтардың туған жерінен кетуге мәжбүр болғаны көрсетілген. Израиль билігі бұл айыптауларды жоққа шығарды. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху мұны «Ғасырдың ең үлкен өтірігі» деп атады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz