Саудияға Мекке келісімі аясында Түркия да көмек беруге тиіс. Анадолы, Сауд Арабиясы және Пәкістан қорғаныс саласын мықтап жатыр. Тегеранда төрт елдің ресми өкілдері ынтымақтастығын нығайтуға келісті.
Ал келесі күні Түркия парламентінің Сыртқы істер жөніндегі комиссиясы Анкара, Рияд пен Исламабад арасында жасалған Мекке ортақ қорғаныс келісімін қабылдады. Енді құжат заңды тұрғыда бекуі үшін Мәжілістің жалпы отырысында қаралады. Түркия келісімнің ешбір елге қарсы бағытталмағанын және НАТО алдындағы міндеттемелерін өзгертпейтінін мәлімдеді.
Еске салайын, Мекке ортақ қорғаныс келісіміне Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан осы жылдың тамыз айында қол қойды. Құжат үш елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын күшейтіп, қауіп-қатерге қарсы ортақ әрекет етуді көздейді.
Фуат Октай, Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің сыртқы істер жөніндегі комиссия төрағасы:
- Мекке келісімінің мақұлдануы – өңірдегі бейбітшілікті нығайту жолындағы маңызды қадам. Ал Тегеранда Иран өкілдерімен өткен кездесу елдер арасындағы диалогты дамытуға және аймақтағы тұрақтылықты сақтауды көздейді.
Тегтер #Түркия #мекке #Тегеран #НАТОPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz