RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тағы өсті

28.10.2026, 14:00 33

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы тағы да өсіп, 40,5 триллион долларға жетті. Бұл туралы елдің Қаржы министрлігі мәлімдеді. Кейінгі он жылда АҚШ-тың қарызы екі есе өскен. Сарапшылар мұны әлеуметтік бағдарламаларға жұмсалатын қомақты шығындармен, жоғары пайыздық мөлшерлемелермен және әскери шығындармен байланыстырады.

Сондай-ақ халықтың қартаюы мен денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындардың артуына байланысты АҚШ-тың мемлекеттік қарызы бұдан да жылдам өсетінін ескертеді. Бюджет реформасы жүргізілмесе, алдағы 6 жыл ішінде қарыз көлемі 50 триллион долларға жетуі мүмкін.   
 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz