АҚШ Иранның америкалық әскери кемелер Ормұз бұғазынан кеткені туралы мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды 24KZ.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының мәліметі бойынша, кемелер әлі де осы аймақтағы міндеттерін орындап жатыр. Ал халықаралық кеме қатынасының қауіпсіздігін Вашингтон мен оның аймақтағы серіктестері қамтамасыз етеді. Осыған дейін Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы АҚШ әскери күштері жағалаудан жүздеген шақырымға шегінді деп мәлімдеген еді.
Тегтер #АҚШ #Иран #ормұз бұғазы #мәлімдемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz