RU
Толық нұсқаға өту

Саудия Санадағы цемент зауытын шабуылдады

28.10.2026, 15:47 39

Сауд Арабиясы Йемен астанасы Санадағы цемент шығаратын «Хамдан» зауытына әуеден соққы жасады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жөнінде хуситтерге тиесілі «Әл-Масира» телеарнасы хабарлады. Шабуылдан зауыт өртке оранған. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпар жоқ. Бірақ өндіріс орнында жұмысшылар болған деген дерек бар. Саудия күштері бұған дейін Таиз қаласының іргесіндегі жанар-жағармай құю бекетіне соққы жасап, 2 адам қаза тапқан еді. Хуситтер мұның барлығы бейбіт нысандар деп ресми Риядты айыптады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz