Испанияда екі пойыз соқтығысып, 64 адам қаза тапты. Тағы 200-ге жуық жолаушы жарақат алды. Апат Толедо провинциясында болды, деп хабарлайды 24KZ.
Мадридтен Севильяға бет алып бара жатқан пойыздарда 500-ден астам жолаушы болған. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Жергілікті билік құрбандар саны артуы мүмкін екенін ескертті. Испания премьер-министрі Педро Санчес қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. Апатқа байланысты Мадрид пен Андалусияны жалғайтын теміржол желісіндегі қозғалыс тоқтатылды. Елде үш күндік аза тұту жарияланды.
Тегтер #24KZ #Испания #пойыз #апат #қаза тапқандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz