Сербияда лаңкестік қауіптің ең жоғары "қызыл деңгейі" жарияланды. Бұған Израильдің Белградтағы елшілігі маңында болған шабуыл себеп. Елдің Ішкі істер министрлігі маңызды нысандардағы қауіпсіздік шарасын күшейтті.
Күдікті дипломатиялық өкілдікті күзетіп тұрған полиция қызметкеріне пышақ сілтеген. Қаскөй оқиға орнында оққа ұшты. Жергілікті басылымдардың мәліметі бойынша ол ДАИШ лаңкестік ұйымының мүшесі болуы мүмкін. Оқиға Израильдегі Парламент сайлауынан кейін болған. Бұл – соңғы екі жылда Израиль елшілігіне жасалған екінші шабуыл.
Тегтер #лаңкестік #Сербия #қызыл деңгей #Израиль #полиция #оқPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz