Испанияда екі пойыз соқтығысқан апаттан опат болғандар саны 68 адамға жетті. Тағы 200-ге жуық жолаушы жарақат алды. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Қайғылы жағдайға байланысты елде 3 күн Аза тұту жарияланып, саяси партиялар жоспарланған іс-шараларды өткізуді кейінгі қалдырды.
Алдын ала мәлімет бойынша, «Ренфе» пойызы рельсте тоқтап тұрған «Ирио» пойызын келіп соғып, екі вагон жолдан шығып кеткен. Нақты себеп анықталып жатыр. Апаттан кейін Мадрид пен Андалусия арасындағы теміржол қатынасы уақытша тоқтады.
Осыдан тура 9 ай бұрын Кор-доба провинциясында дәл осындай оқиға болып, 46 адам ажал құшқан еді.
Тегтер #Испания #пойыз #апат #жолаушы #аза тұтуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz