RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Кубаға эмбаргоны алып тастауды дауысқа салды  

29.10.2026, 12:15 41

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы АҚШ-тың Кубаға қарсы эмбаргосын алып тастауды талап еткен қарар қабылдады. Құжатты мүше мемлекеттердің 130-ы қолдап, 17-сі қарсы дауыс берген және 25 ел қалыс қалған. 

Қарарды Куба өзі дайындаған, бірақ міндеттейтіндей күші жоқ, тек ұсыныс сипатында. Осындай құжат Бас Ассамблеяда 1992 жылдан бері 34-ші рет дауысқа салынды. Былтырғы нұсқаны 165 мемлекет жақтап, 7-еуі қарсы болған еді. Сонда кейінгі 1 жылда эмбаргоны алып тастауды қолдайтын елдер саны 35-ке қысқарған.

АҚШ эмбаргосы осы елдің заңымен бекітілген. Ол Кубамен сауда-саттықты шектеуге, ақша аударымдары мен сапарларға тыйым салуды көздейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz