RU
Толық нұсқаға өту

Францияда қала мүлкін бүлдіргендер айыппұл төлейді

29.10.2026, 23:24 34

Францияда бұдан былай қала мүлкін бүлдіргендер 10 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді.

Тиісті заңды Сенат мақұлдады. Құжатты енді  Ұлттық жиналыс депутаттары бекітуі тиіс. Қомақты айыппұл тәртіп сақшыларының ескертуіне бағынбағандарға да салынады. Алайда құқық қорғаушылар бұл қадам азаматтардың бейбіт шеруге шығу құқығын шектейді деп санайды. Бұған дейін Францияда мектеп оқшылары шеруге шығып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан еді. Наразылық кезінде коммерциялық нысандар бүлініп, экономикаға 1 млрд еуродан астам шығын келді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz