RU
Толық нұсқаға өту

Volkswagen компаниясының шығыны ұлғайды

30.10.2026, 07:40 42

Германияның Volkswagen автоконцернінде кейінгі 11 жылдағы ең ірі шығын тіркелді. Компанияның жаңа есебіне сәйкес, шілде мен қыркүйек аралығында 6 миллиард еуро шығын келген.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бес есе көп. Бірлестіктің тоқсандық түсімі 6 пайыз төмендеп, 75 миллиард еуроға дейін қысқарды. Ал автокөлік сатылымы шамамен 15 пайыз азайған. 

Сарапшылар бұны сұраныстың төмендеуі және Қытайдағы автокөлік өндірушілердің арасында бәсекенің күшеюімен байланыстырады. АҚШ-тың импорттайтын автокөліктер мен олардың қосалқы бөлшектеріне енгізген кедендік баждары да компанияның қаржылық көрсеткіштеріне кері әсер еткен. Осыған байланысты Volkswagen шығындарын 31 миллиард еуроға қысқартуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта әлем бойынша 100 мыңға дейін жұмыс орнын жабуға ниетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz