RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэла АҚШ-қа 136,7 млн баррель мұнай сатты

30.10.2026, 09:50 33

Жалпы Венесуэла жыл басынан бері АҚШ-қа 136 миллион баррель мұнай экспорттады. Көрсеткіш 2024 пен 2025 жылдардағы жалпы жеткізілім көлемінен асып түсті. Бұл туралы АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасы хабарлады. 

2024 жылы Боливариандық Республика Құрама Штаттарға шамамен 83 миллион, ал былтыр 51 миллион баррель мұнай сатқан. Венесуэла экспортының артуына санкциялардың жеңілдетілуі және америкалық мұнай компанияларымен жасасқан келісімдері себеп. Нәтижесінде қазір Каракас АҚШ-қа қара алтын жеткізу бойынша Сауд Арабиясын басып озып, екінші орынға шығып отыр. Бірінші орында Канада тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz