Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға дипломаттар, саясаттанушылар, ғалымдар мен журналистер қатысты.
Кездесу барысында олар Қазақстан дамуының негізгі бағыттары мен Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді ортаға салды. Әсіресе жаңа Конституцияны қабылдау, Құрылтай сайлауы және Халық кеңесін құру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығында жарияланған құжаттың ерекше мәнге ие екенін айтты. Ал ресейлік сарапшылар көршілес екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтті.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі:
- Жолдау Қазақстанда жүзеге асқан ауқымды саяси трансформация жағдайында жарияланды. Биыл наурыз айында өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енді. Бұл Жолдаудың өзіндік символдық мәні бар. Өйткені ол еліміздің Тәуелсіздігінің 35 жылдығында жарияланды. Онда айтылған негізгі тұжырымдар Қазақстанның алдағы даму бағыттарын, мақсаттары мен стратегиялық міндеттерін айқындайды.
Андрей Марголин, Ранхигс президенттік академиясының проректоры:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының егемендікті нығайту туралы тұжырымнан басталуы өте маңызды. Бұл ұлттық мүдделерді ескере отырып, Қазақстанның өзара тиімді халықаралық экономикалық байланыстарға интеграциялануы дегенді білдіреді. Ал мұны жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысы Жолдаудың соңында мемлекеттік басқару сапасын арттыру қажеттігін атап өтеді.
Тегтер #Мәскеу #жолдау 2026 #дөңгелек үстел #Дәурен Абаев #конституцияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz