RU
Толық нұсқаға өту

Израильде сайлау нәтижесі 4 қарашада шығады

30.10.2026, 15:40 42

Израильде парламент сайлауында берілген барлық дауыс саналып бітті. Алдын ала нәтиже бойынша, бақ сынаған саяси блоктардың ешбірі басымдыққа ие бола алмаған, деп хабарлайды 24KZ.

Үкіметті жасақтау үшін негізі 61 мандат қажет. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың «Ликуд» блогы 53 орынға ие болды. Олардың басты қарсыласы – Израиль Қорғаныс Әскері Бас штабының бұрынғы басшысы жетекшілік ететін «Яшар» оппозициялық күштері 48 мандатқа қол жеткізген. Ал араб партиялары 19 орынды иеленді. Бұл – Израильдегі саяси дода тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Сайлау комиссиясының ресми нәтижесі 4 қарашада жарияланбақ. Содан кейін президент премьер-министрлікке үміткерді ұсыну бойынша кеңесті бастайды. Егер коалиция құрылмаса, елде сайлау қайтадан өтуге тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz