RU
Толық нұсқаға өту

Хуситтер Саудияға тағы шабуыл жасады

30.10.2026, 15:50 39

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының мұнай нысандары мен әуежайларына тағы да шабуыл жасады. Олар баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы 6 операция өткізген, деп хабарлайды 24KZ.

Рас-Таннура мен Рабигтегі мұнай өңдеу зауыттарына, Абкайктағы Saudi Aramco компаниясына тиесілі нысанға, Рияд пен Даммамдағы әуежайлар және Наджрандағы әскери инфрақұрылымға соққы жасалды. Сауд Арабиясы әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Кеше Рияд бастаған араб коалициясы Мекке аймағында екі баллистикалық зымыран мен бір дронның жойылғанын хабарлаған болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz