RU
Толық нұсқаға өту

Африка елдері шекараларын жаппайды

30.10.2026, 18:00 35

Африка елдері Эболаның таралуына қарамастан шекарасын ашық қалдыруға келісті. Мұндай шешімді құрлықтың 40-тан астам мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлері онлайн форматта өткен жиында қабылдады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы TRT Africa хабарлады. Жиынға қатысушылардың пікірінше, шекараларды жабу тұрғындарды заңсыз әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Бұл инфекцияның таралуына қарсы күресті қиындатады. Бүгінде Эбола ауруы індеттің негізгі ошағы Конго Демократиялық Республикасынан бөлек, Уганда, Кения және Нигерияда тіркелген. Тағы он мемлекет індеттің таралу қаупі басым аймақта орналасқан. Мамыр айының басынан бері 10 мыңнан аса адам ауру жұқтырған. Дертке шалдыққандардың жартысына жуығы көз жұмған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz