RU
Толық нұсқаға өту
24KZ

Грин картаға өтініш қабылдау кейінге қалды

31.10.2026, 08:18 43

АҚШ-та 2027 жылға арналған грин карта ұтысына өтініш қабылдау тағы кейінге қалды.

Бұған Дональд Трамп әкімшілігінің сот шешіміне түсірген шағымы себеп. Таяуда Мемлекеттік департамент бағдарламаны 1 қарашаға дейін қайта бастауға міндеттелген еді. Енді үкімет апелляциялық шағым қаралғанға дейін бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатуды сұраған. Жыл сайын грин карта ұтыс ойыны арқылы 55 мыңға дейін адам АҚШ-қа иммиграциялық виза алу мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, лотереяның жұмысы өткен жылдың 23 желтоқсанынан бері тоқтап тұр. Өтініш қабылдаудың мерзімі апелляциялық соттың шешіміне байланысты нақтыланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz