Сирияда нөсер жаңбырдың арты су тасқынына ұласып, 7 адам опат болды.
Оның бесеуі бала. Алеппо, Ракка, Хама, Хомс, тағы ондаған қаланы су басты. Құтқарушылар 50 адамды құтқарды, 2 мектеп қауіпсіз жерге көшірілді. Онда 350 оқушы болған. Қатты жаңбырдан кейін Эс-Сельмани көпірі құлап, Ракка мен АлеппоНЫ байланыстыратын негізгі жолдар жабылды. Көліктер пен жолаушылар жолда қалып қойған. Әзірге 15 адам эвакуацияланды.
Тегтер #Сирия #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz