RU
Толық нұсқаға өту

ЕО стратегиялық қордағы мұнайын жұмсауды бастайды

31.10.2026, 15:30 49

Еуроодақ алдағы бірнеше айда стратегиялық қордан 42,6 миллион баррель мұнай мен 20,5 миллион баррель дизель отынын босату шарасын жеделдетеді.

Бұл жанармай нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін жасалып отыр. Еуропалық комиссияның энергетика және тұрғын үй мәселелері жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ Еуропаның 12 елі бірлескен мәлімдеме жасап, мұнай қорын босатуды қаңтар айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Осыған дейін Халықаралық энергетика агенттігі әлемдік дизель отыны нарығындағы жағдай күрделі екенін мәлімдеген еді. Еуропада баға әлі арзандаған жоқ. Литрі 2,15 еуроға саудаланып жатыр. Бұл Таяу Шығыстағы қақтығыс басталғанға дейінгі көрсеткіштен 35 пайыз жоғары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz