Қытайда жанармай бағасы тағы қымбаттады. Қазір бензин мен дизельдің литрі 10, ал кейбір шалғай өңірлерінде 11 юаньға дейін көтеріліп кетті, деп хабарлайды 24KZ.
Біздің ақшамен санасақ, шамамен жеті жүз елу теңге. Ел билігі нарықты қатаң бақылауға алып, инспекциялық қадағалауды күшейтті. Бұл жөнінде көрші елдің Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясы мәлімдеді. Бұған Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісе түсуі түрткі болды. Енді көрші елдің үкіметі тұтынушыларға түскен салмақ пен өндірісті реттеу үшін мұнай өнімдерінің бағасына түзету енгізуге мәжбүр болып отыр.
Бянь Чжэн, Қытайдың Ұлттық даму және реформалар жөніндегі комиссиясы Баға және сертификаттау орталығының директоры:
- Кейінгі он күнде шикі мұнайдың халықаралық орташа бағасы күрт өсті. Бұл баға тұрақтылығына кері әсер етіп отыр. Қазір ішкі нарықты реттеп, тұтынушыларға түскен ауыртпашылықты жеңілдету шаралары қабылдануда. Сонымен қатар мұнай өнімдерінің қауіпсіз және тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету аса маңызды. Осы екі ортадағы тепе-теңдікті табу үшін Қытай мұнай өнімдерінің бағасын түзету шараларын қайта енгізді.
Тегтер #24KZ #Қытай #жанармай бағасы #қымбаттады #бензин бағасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz