Сирия мемлекеті Мекке келісіміне қосылуды көздейді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл жөнінде Сирияның Сыртқы істер министрі Асаад әл-Шайбани мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір тиісті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Әскери ынтымақтастыққа негізделген Мекке келісімі биыл тамызда Сауд Арабиясы, Пәкістан және Түркияның бастамасымен бекітілген болатын. Мақсаты өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Келісімге сәйкес, қатысушы елдердің біріне шабуыл жасалған жағдайда, қалған мемлекеттер бірлескен жауап қайтаруға міндеттеледі.
Тегтер #Сирия #Мекке келісімі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz