RU
Толық нұсқаға өту

Иран АҚШ-қа жеті талап қойды

01.11.2026, 10:29 43

Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын толық қалпына келтіру үшін АҚШ-қа жеті талап қойды.

Олардың негізгісі Иранның бұғатталған активтеріне қатысты санкциялық шектеулерді алып тастау. Бұл туралы Иранның Қауіпсіздік қызметінің басшысы Мохсен Резаи мәлімдеді. Бұған дейін Ислам Республикасы мен Катар өкілдері Парсы шығанағындағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша келіссөз жүргізген еді. Тараптар Вашингтон мен Тегеран арасындағы диалогты қайта жандандыру мүмкіндігін талқылады. Алайда Тегеран жаңа әскери қақтығыс басталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Дональд Трамп әзірге Иранға қарсы жаңа соққы жасау туралы шешім қабылдамаған. Ақ үй басшысы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуді жөн көріп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz