Бүгін Түркияда балалардың әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салуды көздейтін заң күшіне енді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұдан былай 15 жасқа толмаған жеткіншектер әлеуметтік желілерде аккаунт аша алмайды. Ал қолданыстағы аккаунт пайдаланушыларының жасын тексеру келер жылдың 31 наурызына дейін жалғасады. Желі әкімшіліктері парақшаларды кезең-кезеңімен бұғаттайды. Ал 15 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге әлеуметтік желіні пайдалануға рұқсат беріледі, бірақ бірқатар шектеу қойылады. Яғни олар тек достарының парақшаларымен ғана хат алмаса алады, тікелей эфир жүргізуге тыйым салынады және ересектерге арналған жарнама көрсетілмейді. Тыйым талаптарын бұзған жағдайда жасөспірімдерге аккаунт ашып берген тұлғаларға да, әлеуметтік желі платформаларына да санкция қолданылады.
Тегтер #Түркия #әлеуметтік желі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz