RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда роботтар тауға шығудан жарысады

02.11.2026, 09:20 39

Роботтар тау-тасқа да икемді. Қытайда гуманоидтар Тайшань тауына шығудан жарысады. Ұйымдастырушылар осы арқылы таулы аймақтарға арналған құлтемірлердің технологиялық мүмкіндіктерін сынауды көздеп отыр. 

Бас төрешінің айтуынша, роботтар үшін негізгі қиындық – жер бедеріне бейімделу. Сайыс барысында оларды биік баспалдақтар, тар өткелдер мен тастан төселген соқпақ жолдар күтіп тұр. Сондықтан тауға көтерілмес бұрын олар жер бедерінің картасын жасауды меңгеруі керек. Төртаяқты робот иттердің артықшылығы – қозғалысының шапшаңдығы мен тұрақтылығы. Олар бағытты анықтағаннан кейін тауға жылдам көтеріле алады. Ал екі аяқты гуманоидтар үшін бұл әлдеқайда күрделі. Бойы ұзын болғандықтан, тепе-теңдікті сақтау қиынырақ.

Жарысқа дайындық барысында роботтарға деректер жинайтын камералар мен қосымша датчиктер орнатылып, бірқатар техникалық жетілдіру жұмыстары жүргізілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz