АҚШ пен Канада жаңа сауда келісімін жасауға жақын, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел келісімнің негізгі шарттарын мақұлдаған. Канада премьер-министрі Марк Карни де келіссөздің жалғасатынын растады. Жаңа келісім жұмыс орындарын ашып, отбасылардың шығынын азайтуы керек екенін айтты. Келіссөздегі негізгі мәселелердің бірі – Keystone XL мұнай құбырын қайта салу. Трамптың айтуынша, құрылыс шығынын Канада толық өтейді. Құбыр арқылы АҚШ-қа тәулігіне 800 мың баррельден астам мұнай жеткізу көзделген. Жоба 2021 жылы тоқтатылған еді. Бұған о кезде екі ел арасындағы сауда дауы себеп болған.
Тегтер #АҚШ Иран #Канада #сауда келісіміPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz