Бельгияның Гент қаласында әйгілі Кристиан Диор сән үйінің танымал моделі, қазақ қызы Алла Елшіннің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Қазақ аруы өткен ғасырдың ортасында Еуропаның сән әлемін мойындатып, танымал тұлғаға айналғаны белгілі. Мерекелік кешке зерттеушілер, дизайнерлер мен қазақ диаспорасының өкілдері жиналды. Шараны Гент билігінің қолдауымен «Тамыры қазақ» мәдени орталығы ұйымдастырды. Іс-шара барысында Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының президенті Берлин Иришев Кристиан Диорды шабыттандырған арудың өмірі туралы әңгімеледі. Мерейтойлық кешке Алланың жалғыз ұлы Марк де Дюльмен келді, деп хабарлайды 24KZ.
Марк Де Дюльмен, Алла Елшіннің ұлы:
– Кристиан Диордың айтуынша, анам мінезі қайсар, болмысы ерекше адам болған. Ол әлемді көп аралағандықтан, мені көбіне ата-әжем тәрбиеледі. Анам қайтыс болғаннан кейін есімі ұмытыла бастаған еді. Бірақ қазір қайта жаңғыртылып жатқаны қуантады.
Берлин Иришев, қазақстандықтардың Франциядағы қауымдастығының президенті:
– Ол кісінің еңбегі деген өте зор. Қазақ қызы болып, осындай дүниежүзілік подиумға шыққан. Сондықтан біздің елдің рухани мұрасы.
Кеште өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы Диор сән үлгісімен жасалған бас киімдер көрсетілді. Бұл топтаманы Бельгияда 25 жылдан бері тұрып жатқан дизайнер Жұлдыз Темір арнайы әзірлеген. Табиғи материалдардан жасалған әрбір бас киім еуропалық технологиямен, қолмен тігілген. Ал музыкалық бағдарлама барысында қазақтың әуезді ән-күйлері мен еуропалық классикалық шығармалар орындалды.
Тегтер #Бельгия #Алла Елшін #100 жылдығы #модельPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz