Конго Демократиялық Республикасында эбола індетінен 5 мыңнан астам адам көз жұмды. Ал ауру жұқтырғандардың саны 10 мың 351-ге жетті. Індет әсіресе Итури мен Солтүстік Киву провинцияларында кең таралған.
Мамыр айынан бері ауру елдің сегіз провинциясында тіркеліп, кейін бірнеше көрші мемлекетке жетті. Атап айтқанда, жұқпалы дерт Уганда, Кения және Нигерияда тұрғындары арасында да анықталды. Ахуалға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық төтенше жағдай жариялады.
Тегтер #Эбола #ауру #індет #Конго #жұқпалы дертPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz