Солтүстік Корея АҚШ пен көршісі Сеулге шүйлікті. 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Құрама Штаттар мен Оңтүстік Корея бірлескен әскери жаттығу өткізді. Пхеньян мұны «ядролық соғысқа дайындық» деп санайды.
Билеуші Еңбек партиясы Вашингтон тарапынан қауіп күшейгенін айтып, жауап ретінде өзінің ядролық әлеуетін нығайтатынын жеткізді. Бұған дейін Пхеньянның ядролық саясатына қатысты мәлімдемені Қорғаныс немесе Сыртқы істер министрлігі жариялайтын. Сарапшылар: «Енді бұл саладағы билік саясатын қалыптастырумен Партияның орталық комитеті айналысуы мүмкін», - деп топшылайды.
Тегтер #Солтүстік Корея #ядролық қару #Сеул #әскери жаттығуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz