АҚШ Ғарыш күштерінің есебі бойынша Swift деп аталатын аппарат орбитадан 6 қарашада ауытқиды.
Көп бөлігі атмосферада жанып кеткенімен, ең ірілері Африка, Аустралия, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Орталық және Оңтүстік Америка аумағына түсуі ықтимал. Күннің қатты ысуы аэродинамикалық кедергіні күшейткен. Мұның салдарынан телескоп төменге құлдилай бастаған.
Биыл жазда НАСА 2004 жылғы ғарыш аппаратын орбитаға қайтаруға әрекет қылды. Алайда құны 30 млн доллар тұратын миссия сәтсіз аяқталды. 22 жылда Swift телескобы 2 мыңнан аса гамма-сәулелердің жарқылы мен 1400-дей жұлдыздың жарылуын тіркеді. Бұл мәліметтер негізінде 7 мың ғылыми мақала жарық көрді.
Тегтер #НАСА #Жер #телескоб #орбитаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz