Болгарияда алғаш рет әйел адам президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Елдің уақытша президенті Илияна Йотова дауыс беру қорытындысы бойынша басым түсті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыстардың 99 пайызы саналған. Нәтижесінде Илияна Йотова мен вице-президенттікке кандидат Кирил Вылчев сайлаушылардың 57 пайыздан астам дауысын жинаған. Ал қарсыластары Андрей Гюров пен Георгий Кандев 39,38 пайыз дауысқа ие болды. Қос саясаткер сайлау қорытындысымен келісіп, жеңілгендерін мойындады. Жаңа президентті ұлықтау рәсімі 2027 жылғы 22 қаңтарға жоспарланған.
Тегтер #Болгария #президент сайлауы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz