Колумбияның орталық-батыс бөлігінде жойқын жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында 2 айлық нәресте бар. Тағы 18 адам жараланды.
Шабуылдан жалпы 177 тұрғын үй зақымданған. Әсіресе жергілікті аурухана ғимаратының 80 пайызы қирап қалды. Белгісіз қаскүнемдер жүк көлігіне орнатылған жарылғышты іске қосып, газ баллондарынан жасалған зымырандарды дрондардың көмегімен атқан.
Билік тергеу бастады. Ел Президенті заңсыз қарулы топтарға қарсы әскери операцияны күшейтетінін мәлімдеді.
Тегтер #Колумбия #жарылыс #құрбан #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz