RU
Толық нұсқаға өту

Уганда Сомалиден әскерін шығара бастады

03.11.2026, 07:50 46

Енді ел қауіпсіздігін Сомали күштері өз қолына алады. 2007 жылдан бері елде Африка одағы миссиясы мен екіжақты келісімдер аясында 4 мың 500-ге жуық угандалық сарбаз қызмет еткен.

Олар «Аш-Шабаб» лаңкестік тобына қарсы күреске қатысып, маңызды мемлекеттік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Елдің қарулы күштерінің мәліметіне қарағанда, алғашқы әскери топ Отанына оралған. Бірақ Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Сомали Сыртқы істер министрлігі әскер санының күрт қысқаруы ел қорғанысын әлсіретуі мүмкін деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz