RU
Толық нұсқаға өту

Канар аралдары маңында 7 мигрант қаза тапты

03.11.2026, 14:10 39

Испанияның Канар аралдарына бет алған жеті мигрант қаза тапты. Қайықтан екі адамның мәйіті табылған. Тағы бесеуі теңізде жоғалып кеткен. Құтқарушылар шамамен 400 адамды аман алып қалды, деп хабарлайды «24KZ».

Канар аралдары Африкадағы Мали, Сенегал және Мароккодан Еуропаға бет алған мигранттар үшін негізгі бағыттардың бірі саналады. Испания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өткен жылы аралдарға 18 мыңға жуық заңсыз мигрант келген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz