RU
Толық нұсқаға өту

Перуде жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты

03.11.2026, 14:20 56

Перудің солтүстігінде толассыз жаңбыр жауып, соңы алапат тасқынға ұласты. Табиғи апаттан 700-ге жуық адам зардап шеккен. Олардың 150-інің үйі су астында қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Тумбес өзені тасып, су деңгейі секундына 1 мың текше метрден асып кеткен. Тасқын салдарымен күреске азаматтық қорғаныс мамандарынан бөлек сарбаздар да тартылды. Президент Кейко Фухимори жауын-шашын 8 қарашаға дейін жалғасатынын ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақырған. Табиғи апаттардың көбеюіне мұхит суын жылытатын «Эль-Ниньо» климаттық құбылысы себеп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz