RU
Толық нұсқаға өту

Газада Израиль соққысынан 5 адам қаза тапты

03.11.2026, 15:50 50

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан бес палестиналық қаза тапты. Тағы бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп хабарлайды 24KZ.

Кейінгі екі тәулікте 15 адам көз жұмып, 38 тұрғын жараланған. Әскерилер соққы ХАМАС мүшелері мен қозғалыстың әскери нысандарына бағытталғанын айтады. Еске сала кетейік, 2025 жылғы 11-ші қазанда бітім орнағаннан бері Израильдің әуе шабуылдарынан қаза болған палестиналықтар саны 1,5 мыңнан асып, жараланғандар қарасы 6 мыңға жуықтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz