RU
Толық нұсқаға өту

Еуроодақ €127 млрд шығынға ұшырады

03.11.2026, 23:30 40

Еуроодақ жанармай бағасының шарықтауынан жыл басынан бері 127 млрд еуро шығынға ұшырады, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Брюссельде өткен технологиялық конференцияда мәлімдеді. Оның айтуынша, осыдан екі апта бұрын бұл көрсеткіш 106 млрд еуро болған. Қосымша шығындарға Ормуз бұғазының жабылуынан кейін мұнай мен газ жеткізудегі іркілістер себеп. Урсула фон дер Ляйен Еуропа экономикасының жанармай импортына тәуелді екенін атап өтті. Энергия ресурстарына жұмсалатын шығындардың артуына байланысты Еурокомиссия жасыл энергетикаға көшуді жеделдетуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz