Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты футболдан Азия кубогі кейінге шегерілді. Турнир алдағы 7 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Сауд Арабиясында өтуі тиіс болған, деп хабарлайды «24KZ».
Азия футбол конфедерациясының мәліметінше, мұндай шешім Йемендегі хуситтердің шабуылдарынан кейін қабылданды. Айта кетейік, өткен айда Рияд халықаралық әуежайына жасалған соққы салдарынан 13 адам қаза тауып, 300-ден астамы жараланған еді. Енді футболдан Азия кубогы 2027 жылдың желтоқсан айына шегеріліп отыр. Турнирдің нақты күндері Халықаралық футбол федерациясының мақұлдауынан өтуі тиіс.
Тегтер #24KZ #Азия кубогі #футбол #Сауд Арабиясы #Йемен #хуситтер #Таяу ШығысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz