RU
Толық нұсқаға өту

Францияда хакерлер тағы шабуылдады

05.11.2026, 07:30 40

Францияда хакерлер донор қаны сақталған тоңазытқыштарға кибершабуыл жасады. «Рэйтер» агенттігінің мәліметіне қарағанда, қаскөйлер салқындату жабдықтарының температурасын қашықтан басқару арқылы өзгерткен.

Салдарынан кейбір қоймаларда температура - 30 градустан +110 градусқа дейін көтерілген. Мониторинг жүйелері қауіпті дер кезінде анықтап, қызметкерлер биоматериалдарды жедел көшіріп үлгерген. 

Франция Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, бұл оқиға қан қорына және медициналық мекемелердің жұмысына зиян тигізбеген. Қазір мамандар хакерлердің жүйеге қалай енгенін тексеріп жатыр. Бұған дейін Еуропаның өзге де елдерінде осындай жағдай болған еді. Ол кезде дүкендегі тоңазытқыштарға кибершабуылр жасалып, азық-түлік бүлінген болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz