Йеменнің Таиз қаласында әуе шабуылынан 7 адам қаза тапты. Құрбандар арасында 2 бала бар. Тағы 6 жеткіншек жараланған.
Бұл туралы «Хуситтер» қозғалысының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Хуситтер: «Тұрғын үйлерге соққыны Сауд Арабиясы жасады» деп айыптап отыр. Бірақ Рияд әзірге ешқандай жауап қатқан жоқ.
Айта кетейік, Йемендегі бүлікші хуситтер мен Саудия арасындағы қарулы қақтығыс 3 айдан бері жалғасып келеді.
Тегтер #әуе шабуылы #Йемен #бала #РейтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz