Қазан айындағы жылдық өсім – 4 пайыз. Бұл – кейінгі үш жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еуростат мәліметіне сәйкес бұған негізінен энергия ресурстарының қымбаттауы себеп.
Баға бір жыл ішінде 20 пайыздан астам өскен. Сондай-ақ азық-түлік, алкоголь және темекі өнімдерінің құны 1,5 пайыз артты. Ең жоғары өсім Литва, Болгария және Грекия елдерінде тіркелді. Ал Германияда инфляция деңгейі керісінше баяулап, 3 пайыздан төмендеді.
Тегтер #инфляция #қаржы #энергияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz