RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та тасқыннан 8 адам көз жұмды

06.11.2026, 07:20 54

АҚШ-тың оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысын тасқын жайпап өтті. Кейінгі ақпар бойынша 8 адам көз жұмған. Құрбандар Теннесси, Флорида, Аризона және Невада штаттарының тұрғындары. Тағы 2 адам жоғалып кеткен.

Әдетте құрғақ болып келетін Аризона, Колорадо және Нью-Мексико штаттарында 1 күнде жауын-шашынның 2 айлық мөлшері түсті. 

Флорида штатының шығыс жағалауында, соның ішінде Бревард округінде рекордтық мөлшерде 60 см-ге дейін жаңбыр жауған. Мельбурн қаласында кейінгі 89 жылда болмаған ең көп су жиналды. Тасқынға байланысты 7 округте шұғыл түрде төтенше жағдай режимі жарияланды. Жолдар мен көліктер су астында қалған.

Сонымен қатар Джорджия мен Теннесси штаттарының шекаралас аймақтарында өте күшті сел жүрген. Толассыз жауған жаңбырдан Токкоа өзені арнасынан асып, су деңгейі демде белге дейін көтерілді. Тұрғындар үйлерінде қамалып қалып, тікұшақтар мен арнайы қайықтардың көмегімен эвакуацияланып жатыр. Көптеген адам баспанасыз қалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz