Хуситтер Сауд Арабиясынан атысты тоқтату үшін 51 миллиард доллар өтемақы талап етті. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады. Олар Эр-Риядтың өз билігін Йеменнің заңды үкіметі ретінде тануын көздейді.
Бұған қоса, Иранның қарулы күштерімен ынтымақтастық орнатуға келісім беруді сұраған. Бұл талап «Сауд Арабиясының Йемендегі әскери қимылдары мен елге енгізген блокадасынан келген шығынды өтеу» дейді.
Ал корольдік билігі зымырандық соққылар мен коммерциялық кеме қатынасына төнген қауіпке байланысты атысты келіссөз арқылы тоқтатуға мүдделі. Сарапшылар талап еткен сома тым көп деп отыр. Дегенмен алдағы келіссөздер барысында тараптар ортақ мәмілеге келуі мүмкін екенін де жоққа шығармайды.
Тегтер #хуситтер #Сауд Арабиясы #атыс #өтеақыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz