Әлемдегі ең ірі халықаралық әуе тасымалдаушылардың бірі Emirates Group компаниясының кірісі 66 пайызға құлдырады. Бұған Парсы шығанағындағы қақтығыс себеп.
«Блумберг» басылымының мәліметіне қарағанда, алғашқы жартыжылдықта компанияның таза пайдасы 1 миллиард долларға дейін төмендеді. Ал былтырғы көрсеткіш шамамен 3 млрд доллардан асқан еді. Аймақтағы тұрақсыздыққа байланысты әуе компаниясы мыңдаған рейсті тоқтатуға мәжбүр болды. Кейінгі алты айда 22 млн-ға жуық жолаушы тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайыз аз.
Тегтер #Emirates Group #табыс #халықаралық әуе тасымалдаушыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz