Өткен жылдың қорытындысы бойынша дамушы елдердің сыртқы қарызы 5,5 пайызға өсті. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, қарыз көлемі 9 триллион 400 миллиард долларға жеткен. Бұл - кейінгі төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Мәселе халықаралық қаржы нарығындағы оң өзгеріске қарамастан, әлі де өткір тұр.
2025 жылы табысы төмен және орташа деңгейдегі елдер қарыздарын өтеуге және пайыздық төлемдерге 1 триллион 400 миллиард доллар жұмсаған. Енді Дүниежүзілік банк: «Жоғары қарыз жүктемесі денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржының қысқаруына және экономикалық дамудың баяулауына әкелуі мүмкін», - деп отыр.
Тегтер #сыртқы қарыз #дамушы ел #қаржы #нарық #табысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz