RU
Толық нұсқаға өту

Ташкентте екіжақты серіктестікті күшейту жолдары талқыланды

06.11.2026, 13:10 40

Қазақстан мен Өзбекстан арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытпақ ниетте. Екіжақты әріптестік мәселесі Ташкентте өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Жиын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына арналды.

Кездесуге қатысқан сарапшылар екі ел арасындағы байланысты нығайтудың негізгі бағыттарын белгіледі. Оның ішінде халықаралық көлік дәліздерін дамыту, шекара бекеттерін жаңарту және жүк тасымалын цифрландыру бар. Сондай-ақ Бақты-Аягөз теміржолының құрылысына ерекше назар аударылды. Жоба аяқталған соң теміржол жылына 20 миллион тоннаға дейін жүк өткізе алады. Бұл бағыт Қытайдан Орталық Азия елдеріне тауар жеткізуді жеделдетеді.

Ералы Тоғжанов, Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Бірінші кезекте, өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамыту маңызды. Қажетті инфрақұрылым толық дайын. Сондықтан жобаны келесі жылдан бастап іске қосудың алғашқы кезеңіне кірісеміз.

Бекзад Холматов, Көлік және логистика саласын зерттеу орталығының директоры:

- Қазір екі ел шекарасындағы өткізу бекеттерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген. Осы бағытта бүгін сарапшылар отырысында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында тексеру рәсімдерін біріздендіріп, бақылауды бір жерде жүргізу ұсынылды. Бұл бекеттердің өткізу қуатын 1,5-2 есе арттыруы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz