АҚШ-та үш жетекші технологиялық компанияның капиталы бір күнде 105 млрд долларға азайды. Оған Штаттардағы аралық сайлау нәтижесі әсер етті, деп хабарлайды 24KZ.
Демократтар жеңіске жеткен соң, үш алпауыттың акциялары күрт құлдырады. Инвесторлар Конгрестің жаңа құрамы деректер орталықтарының құрылысын шектеуі мүмкін деп алаңдайды. Ал Bloomberg басылымының мәліметіне сүйенсек, ең көп шығынға Илон Маск ұшырады. Ол шамамен 80 млрд долларға жуық табысынан айырылды. Nvidia басшысы Дженсен Хуангтың капиталы 16 млрд долларға қысқарса, Oracle компаниясының тең құрылтайшысы Ларри Эллисонның табысы 10 млрд долларға азайды.
Тегтер #24KZ #АҚШ #табыс #құлдырау #сайлау науқаныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz